Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі ММ

A- A A+

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі ММ

ГУ «Отдел предпринимательства Бурлинского района ЗКО»

В рамках закона "О валютном регулировании" покупку криптовалют или электронных денег за реальные деньги Нацбанк планирует трактовать как перечисление средств за товары и услуги

Developed in conjunction with Joomla extensions.

Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құрметті Бөрлі ауданының шағын және орта бизнес субъектілері!

 

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінен бастап  аудан көлемінде сенбілік өтуде. Кез келген елді мекеннің тазалығы, ол қала немесе ауыл болсын, әр ауладан басталады.  Ауланы тазалап, аулаға іргелес аумақтағы қоқыстарды жинайық! Тек ортақ күшімізбен қала мен ауылдарды қоқыстан таза ете аламыз. Сондықтан өзіңізге қарасты объектыларыңыздың аймағындағы қоқыстарды тазалауды сұраймыз.

 

     Әлеуметтік желілерде челлендж басталды!

 

     Баршаға үлгі көрсетіңіз!

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ (бұдан әрі - «ҚИДИ» АҚ) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 75 қаулысына сәйкес даму саласындағы экспортты дамыту және жылжыту бойынша ұлттық институт болып белгіленіп, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға (ҚР ИИДМ) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. 

«Мейірімді көктем» акциясы

«Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы аясында Ақсай қаласында тұратын  20  аз қамтылған отбасыларына  «Байтерек»  және  «Алтындар» сауда үйлері дайындаған азық-түліктен тұратын қоржындар табысталды.

Табиғат пайдаланушылар назарына!

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 154-бабының  2-тармағына сәйкес 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу есебін ұсыну мерзімі 2019 жылдың 1наурызынадейін белгіленген.

ҚР Тәуелсіздік күніне орай

ҚР Тәуелсіздік күніне орай, Бөрлі ауданының әлеуметтік- экономикалық  дамуына және қоғамдық жұмыстарына қатысып, белсенді үлес қосқандары үшін бірқатар кәсіпкерлер аудан  әкімі С. Әлиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Ауылдық округтердегі кездесулер  

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М. Изтелеуов, Бөрлі аудандық кәсіпкерлік палатасы филиалының директоры Р.Мамбеталиев,   жұмыспен қамту орталығының  маманы А. Джумагалиева аталған құрамда жұмыс тобы, Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы бойынша тұрғындарды ақпараттандыру үшін, Ақсу, Ақбұлақ, Қарақұдық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.

Яндекс.Метрика